Жаңалықтар

Халықты жұмыспен қамту үшін 10 ұлттық жоба жұмыс істейді

Биыл ұлттық жоба аясында 764,8 мың адам жұмыспен қамтылды
Халықты жұмыспен қамту үшін 10 ұлттық жоба жұмыс істейді
Фото: 24.kz 25.11.2022 15:41 2320

Биыл ұлттық жоба аясында 764,8 мың адам жұмыспен қамтылды Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Халықты жұмыспен қамту үшін 10 ұлттық жоба жұмыс істейді. Биыл 764,8 мың адам жұмыспен қамтылды. Ұлттық жоба аясында 230 мыңға жуық адам жұмысқа тұрды. Оның 182,9 мыңы мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары», - деді ол.

Мемлекет басшысының бастамасы «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» жобасы аясында 181 мыңға жуық шағын және орта кәсіп орындарға 261 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, 273,5 мыңнан астам адам әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардағы босаған жұмыс орындарына жұмысқа тұрғандығын атап өтті.

«Ұлттық жобалар аясында қабылданған жұмыс орындарының басым көпшілігі, атап айтқанда 185 мыңға жуығы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған ұлттық жобасы аясында ашылды. Сонымен қатар, 15 мыңға жуық жұмыс орындары «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері», «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі ұлттық жоба аясында 10 мыңнан астам, «Білімді ұлт - сапалы білім беру» 8 мыңға жуық, «Жасыл Қазақстан» 3,7 мың, «Ұлттық рухани жаңғыру» 3,3 мың, «Тұрақты экономикалық даму» 3,3 мың, «Дені сау ұлт» 790 адам, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында 641 адам жұмыспен қамтылуға мүмкіндік алды», - деді Олжас Ордабаев.

Бұл көрсеткіш биылғы жоспардың 85,5 пайызын құрап отырғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға