Жаңалықтар

Халықаралық тау курорттары марапаттауында Қазақстан ең көп жүлде жеңіп алды

Халықаралық тау курорттары марапаттауында Қазақстан ең көп жүлде жеңіп алды
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі 04.10.2024 18:34 550
Ресейдің Минеральные Воды қаласында өткен халықаралық туристік аймақтар форумы аясында отандық Oi-Qaragai мен «Шымбұлақ» тау курорты SKI BUSINESS AWARDS нұсқасы бойынша ТМД елдерінің 150 тау курорты арасында ең көп марапатқа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, «Шымбұлақ» тау курорты «ТМД елдері арасындағы ең үздік тау-шаңғы курорты» және «Таулы аймақтағы ең үздік глемпинг/кемпинг» марапатын жеңіп алса, Oi-Qaragai тау курорты «Ең үздік IT шешім» және «Ең үздік балалар лагерінің бағдарламасы» марапаттарын иеленді.

Форумда туристік сала сарапшылары кәсіби тәжірибесін бөлісіп, нарық қатысушыларымен және ТМД елдерінің шетелдік серіктестерімен туристік инфрақұрылымды құру бойынша жаңа форматтарды талқылады.
Қазақстанның тау курорттары халықаралық деңгейде үздіктердің қатарынан көрініп, марапатқа ие болғаны – еліміздің туристік индустриясының дамуы мен қызмет сапасының жоғары деңгейде екенін көрсетеді. «Шымбұлақ» және Oi-Qaragai курорттарының жетістіктері отандық туризмнің әлеуетін арттыруға, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл – еліміздегі туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстарымыздың нәтижесі. Біз болашақта да осындай жетістіктерге жету үшін бар күшімізді жұмсаймыз, - деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Айта кетейік, жүлделер 2023-2024 жылғы маусымның қорытындысы бойынша берілді. Жеңімпаздар тау курорты индустриясындағы беделді мамандардың комиссиясы алдында жоба қорғау және тау-шаңғы демалысын ұнататындар арасында дауыс беру арқылы таңдалды.5517:15
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға