Жаңалықтар

Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті

Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.07.2023 18:13 1363

Елордада «Астана жұлдыздары» ауқымды халықаралық шахмат фестивалінің жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шараны қазақстандық белгілі спортшы, әлем чемпионаттарының жеңімпазы Динара Сәдуақасова басқаратын Шахмат академиясы ұйымдастырды. Фестиваль аясында спортшылар ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Кубогының кезеңі, әуесқойлар, балалар және блиц-ойындар бойынша бақ сынасты.

Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті

Жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайтын жарысқа әлемнің 16 елінен 800-ден астам шахматшы қатысты. Бүгін солардың арасынан кіл мықтылары анықталды. Шарада сөз алған Бекжан Пірматов фестивалдің сәтті өтуімен құттықтап, әріқарай жалғасын табатынына сенім білдірді.

Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті

Оқи отырыңыз:

Шахмат ол тек қана спорт емес, өнер, ғылым деп айтуға болады. Фестиваль ашылған кезде біздің кәсіпке де өте жақын екенін айта кетейін.Сондықтан да барлық қатысушыларға табыс тілеймін, - деді ол.

Сондай-ақ, жеңімпаздарды Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов құттықтады.

Бұл өте жақсы фестиваль болды. Мен ашылуында да болдым. Кеше қорытынды жасадық. Шынында да жақсы көрсеткішпен ойын көрсеттіңіздер. Жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Бұл шараның өзі шахмат федерациясының дамуына өз үлесін қосады, - деді.

Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті

Шараны ұйымдастырушы, әлем чемпионатының жүлдегері Динара Сәдуақасова шахматшыларды жеңістерімен құттықтап, шахмат академиясы атынан өз алғысын білдірді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.

Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті

Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен шахматшылар жиналып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. Фестиваль барысында біз керемет ойын шайқастарының куәсі болдық. Көптеген ойыншылар жаңа халықаралық стандарттарға ие болды, кейбіреулері гроссмейстер атанды. Бұл шынында да зерделіліктің, жеңістер мен жаңа жетістіктердің мерекесі болды. «Астана жұлдыздары» шахматтың түрлі жастағы, ұлт пен мәдениет өкілдерінің басын қосып, берік байланыс пен достық орната алатынының жарқын мысалы болды, - деді Динара Сәдуақасова фестивальдің жабылу салтанатында.

Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті

Турнирдің А категориясы бойынша жеңімпазы Үндістанның дарынды шахматшысы Адитья Миттал, ол 4 млн теңгенің сертификатымен марапатталды. Турнирдің күмісін украиналық гроссмейстер Александр Моисеенко (3,5 млн), ал Израиль спортшысы Евгений Алексеев (3 млн) қоланы қанжығасына байлады.

Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті

Халықаралық шахмат фестивалінің жабылу рәсімі өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға