Жаңалықтар

Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 600 млн теңге қарыз береді

Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 600 млн теңге қарыз береді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.12.2024 16:50 309

Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 600 миллион теңге сомасында қарыз береді. Бұл туралы бүгінгі Сенат отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу» атты даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қаралып, мақұлданды.

Сенатор Нұрлан Бекеновтың сөзінше, бұл заң бюджет тапшылығын қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Биыл 11 қазанда қарыз туралы келісімге қол қойылды.

Осы келісімге сәйкес Халықаралық қайта құру және даму банкі 84 миллиард жапон йенасы сомасында қарыз береді (600 млн). Өтеу мерзімі 2034 жылғы 15 қыркүйекке дейін, оның ішінде 2029 жылғы 15 наурызға дейінгі жеңілдік кезеңі. Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және өтеуді Қаржы министрлігі Қарыз туралы келісімде белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырады, - деді сенатор.

Қарыз қаражаты 2024 жылға арналған республикалық бюджет шеңберінде қабылданған мемлекеттің барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға