Жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 18.08.2023 15:56 925

Ресейдің Ішкі істер министрлігінің Қорған облысы бойынша Қорған қаласының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 190-бабының 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Анықталғандай, күдікті 2018 жылы Астана қаласында бір топ азаматпен бірлесіп, алдын ала жеткізуші ретінде тендерлерге қатысушы болып, жұрттың сеніміне кірген. Кейін тиісті өнімдерді жеткізуші ретінде келіскен шартты бұзып, аталған өнімдерді заңсыз иемденіп алғаны анықталған.

Алаяқтар алдау арқылы 39 миллион теңгеден аса материалдық шығын келтірген. Оның сыбайластары бұрын қамауға алынған болатын.

Аталған факті бойынша қамауға алу бұлтартпау шарасымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір Минск конвенциясына сәйкес, бұл азаматты экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға