Халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Астанада ұсталды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
22.05.2023 17:20
1033
Зорлық-зомбылығы үшін халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Астанада ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады, - деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Қылмыскер Германияның ҚК 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Ол Астана Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында малшы жоғалып кеткен