Жаңалықтар

Халықаралық би күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды

Халықаралық би күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 29.04.2025 18:38 160

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Халықаралық би күніне арналған Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кештің шымылдығы ҚазКСР халық әртісі, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің іргетасын қалаушы Зәуірбек Райбаевтың «Биші қайың» биімен ашылды. Сонымен сахнада қазақтың әндері мен әуендері шырқалды. Фольклорлық ансамбль «Ирең» күйін орындаса, күйші Сұлтан Әлімқұл «Аққу» күйін көпшілікке ұсынды. Көрермен би өнерінің сиқырына бөленіп, ерекше әсер алды.

Іс-шара соңында мәдениет саласындағы шығармашылық ұжымдар мен оқу орындары «Салтанат» мемлекеттік ансамблінің әртістерін Халықаралық би күнімен құттықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға