Жаңалықтар

Халықаралық байқаушылар депутаттар сайлауын қорытындылады

Халықаралық байқаушылар депутаттар сайлауын қорытындылады
Фото: El.kz 20.03.2023 12:56 955

Шет мемлекеттердің байқаушылары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Eurasian Security&Prosperity Portfolio аға директоры, New Lines стратегия және саясат институты Доктор Бохари дауыс берушілердің сайлауға белсенді атсалысқанын атап өтті.

Маған әртүрлі сайлау учаскелеріне барған өте қызық болды. Бір тұрғын барлығына қарсы дауыс беремін деп өз таңдауын жасады. Одан бөлек кәмелеттік жасқа енді толып, сайлауға қатысқан азаматтарды көрдім. Осыған қарап-ақ халықтың сайлауға деген қызығушылығының жоғары екенін байқауға болады, - деді директор.

Джеймстаун қорының аға ғылыми қызметкері Маргарита Ассенова да сайлау туралы өз ойымен бөлісе кетті.

Біз 17-ден аса сайлау учаскесінде болдық. Бұл жолғы сайлау аралас жүйеде өткендіктен, кандидаттар арасында бәсекелестік жоғары болды. Жаңадан қосылған партиялардың құрамындағы бір партия үшінші орынға ие болды. Қоғамда осындай ашық бәсекелестің болуы өте маңызды, - деді ол.

Халықаралық бағдарламалар менеджері Уэсли Хилл сайлауда тұрғындар қысымсыз еркін дауыс бере алғанын айтты. 

Елдегі кішігірім сайлау учаскесінің өзінде байқаушылар болды. Бұған қарап сайлауға деген жауапкершіліктің жоғары болғанын аңғаруға болады. Сайлауда халық еркін дауыстарын берді. Атап кетердей ешқандай жүйелі мәселелерді байқамадым, - деді менеджер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға