Жаңалықтар

Халықаралық балалар обырына қарсы күрес күніне арналған апталық басталды

Халықаралық балалар обырына қарсы күрес күніне арналған апталық басталды
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 10.02.2025 20:39 232

Бүгін елімізде Халықаралық балалар обырына қарсы күрес күніне арналған апталығы басталып, ол 17 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ДСМ мәліметінше, акцияның шеңберінде бүкіл ел бойынша балалар обырының проблемасы туралы білімді арттыруға, пациенттердің отбасыларын қолдауға және қоғамның ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылады.

Әкімдіктердің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қалалардың орталық көшелерінде, LED-экрандарда, медиабордтарда және медициналық ұйымдарда ерте диагностиканың маңыздылығына, емдеудің заманауи әдістеріне және осы аурумен күресетін балаларды әлеуметтік қолдау қажеттілігіне назар аударатын арнайы бейнероликтер көрсетіледі, - делінген министрлік мәліметінде.

Акцияның мақсаты - қоғамның назарын кішкентай пациенттер мен олардың отбасыларының алдында тұрған мәселелерге аудару, сондай-ақ уақтылы көмек пен хабардарлық көптеген балалардың өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін еске салу.

Біз ақпараттандыру өзгерістерге алғашқы қадам деп санаймыз. Бұл апта балалар обырымен күрестің маңыздылығын еске салып қана қоймай, қоғамның, дәрігерлер мен мемлекеттік құрылымдардың күш-жігерін біздің қолдауымызға мұқтаж балаларға көмектесу үшін біріктіру мүмкіндігі, - деп атап өтті акцияны ұйымдастырушылар.

15 ақпанда атап өтілетін Халықаралық балалар обырмен күрес күні үміт пен бірліктің символына айналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға