Қаралы хабар туралы Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Қазақ мәдениеті мен әдебиеті тағы бір ауыр қазаға душар болды! Қазақстанның Халық ақыны, қаламгер-сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, танымал әндерімен тамсантқан композитор, "Парасат" орденінің иегері, қайраткер тұлға, "Торғайдың топжарғаны " атанған сегіз қырлы, бір сырлы асыл азамат Қонысбай Әбіл дүниеден өтті. Алты Алашты ән мен жырға бөлеген "Әй-әй ақыннан" айырылдық! Ауыр қазаға аза тұта отырып, марқұмның отбасына, бүкіл ел-жұртымызға көңіл айтамын! Аяулы қаламдас досымыздың нұры пейіште шалқысын!, - деп жазды Ұлықбек Есдәулет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды