Халқымыздың саны 20 миллионға жетті - Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
16.11.2023 10:02
1348
Мемлекет басшысы отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.
Айта кетейік, үш өңірде халық саны 2 млн адамнан асты – Алматы (2 146 576) мен Түркістан облыстары (2 054 021) және Алматы қаласы (2 030 285).
Бұл ретте санақ арасындағы кезеңде халықтың ең көп өсуі Астана қаласында – 2 есе (613 мыңнан 1 234 мың адамға дейін), Шымкент қаласында 1,5 есе (730 мыңнан 1 112,4 мың адамға дейін) және Маңғыстау облысында (485 мыңнан 735 мың адамға дейін) байқалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Барыс» сырт айдында «Трактормен» ойнайды