Жаңалықтар

Хабар-ошарсыз кеткен көкшетаулық Астанадан табылды

Оның елорда маңындағы құрылыста жұмыс істегені белгілі болған
Хабар-ошарсыз кеткен көкшетаулық Астанадан табылды
Фото: polisia.kz 15.02.2023 06:01 1126

Іздеуде болған көкшетаулық тұрғын Астана маңындағы құрылыста жұмыс істеген, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетау полицейлері хабар-ошарсыз кеткен азаматтың орналасқан жерін Целиноград ауданы Қоянды кентінің аумағында анықтады. 33 жастағы ер адам 2023 жылдың 4 қаңтарында ата-анасымен сөзге келіп қалып, үйден кеткен, содан бері байланысын үзген. Бірінші айда туыстары оның орналасқан жерін достарынан білген, бірақ ақпан айында ол белгісіз кеткеннен кейін уайымдаған ағасы полицияға арыз жазған. Өтініш келіп түскеннен кейін бірден криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру ісін бастады, жоғалған адам туралы ақпарат жиналды, оның достары мен таныстарының шеңбері анықталды.

Полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың белгілерімен бағдарларды Ақмола облысы ПД барлық аумақтық бөлімшелеріне және көрші облыстардағы әріптестеріне таратты. Іздеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары Көкшетаудан хабар-ошарсыз кеткен Д. есімді азамат Қоянды ауылына келіп, құрылыс алаңында еңбек еткенін анықтады. Ақшасының болмауына байланысты ол ұялы телефонын сатуға мәжбүр болған, сөйтіп өзінің орналасқан жері туралы хабарлай алмаған.

Құқық қорғау органдары атап өткендей, азаматтардың туыстарының белгісіз бағытта жоғалып кету фактілері бойынша өтініштері мен хабарламалары күн сайын дерлік тіркеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға