Жаңалықтар

Ғылыми-педагогикалық сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды

Ғылыми-педагогикалық сарапшылар базасына үміткерлерді қабылдау басталды
Фото: El.kz 20.12.2024 10:27 120

Республикалық ғылыми-тәжірибелік білім мазмұнын сараптау орталығы 17 - 30 желтоқсан аралығында оқу бағдарламалары, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді сараптау үшін мамандарды іріктеу конкурсын жариялайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қатысуға педагог-зерттеуші немесе одан жоғары біліктілігі бар кандидаттар шақырылады.

Мақсаты — білім беру саласында оқу материалдарының сапасын бағалау және талдау үшін кәсіби мамандарды тарту. Сарапшылар базасына қабылдану үшін қажетті іс-шаралар:

E-EXPERT.GOV.KZ порталы арқылы қажетті құжаттар мен өтінішті тапсыру;

Тестілеу — кәсіби құзыреттерді тексеру кезеңдері;

Сұхбат — кәсіби тәжірибені, мотивацияны және білім беру процесін түсінуді анықтау үшін жеке әңгімелесу;

Эссе жазу — ойды нақты әрі дәйекті түрде білдіру және өз пікірін дұрыс дәлелдеу дағдыларын көрсету.

Барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткерлер оқудан өтеді. Курстардың ұзақтығы 360 сағатты құрайды. Бағдарлама оқу материалдарының сапасын бағалауға қатысты құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқу барысында үміткерлер сараптамалық шешім әзірлеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар алады.

Оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылар 5 жыл мерзімге сертификат алады және білім беру материалдарын сараптауға әрі бағалауға белсене қатыса отырып, кәсіби біліктілігін арттырып, мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға