Жаңалықтар

Ғылыми олимпиада: Қазақстан командасы 6 қола медаль жеңіп алды

Ғылыми олимпиада: Қазақстан командасы 6 қола медаль жеңіп алды
Фото: gov.kz 11.12.2023 22:29 941

Бангкок қаласында жасөспірімдер арасындағы 20-шы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO-2023) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрама командасының барлық алты мүшесі қола медаль жеңіп алды.

Олимпиадаға әлемнің 54 елінен 311 оқушы қатысты.

Олимпиада үш турдан тұрды: тестілеу, теориялық және эксперименттік. Әр турда физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар ұсынылды.

20-шы жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының қола медаль иегерлері:
Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9 сынып оқушысы;
Дария Бектұрсын, Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы;
Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8 сынып оқушысы;
Иван Рудик, Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшілері:
Самат Максутов - PhD доктор, SDU University доценті;
Аскар Мажикенов - Назарбаев Университет магистранты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға