Ғылым қызметкерлері күніне орай жас ғалымдар баспаналы болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне орай жас ғалымдарға Алматы қаласынан баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пәтер иегері атанған жас ғалымдар өз әсерлерімен бөлісіп, бұл қадам ғылымға деген ынта мен күш-қуатты арттыруға бағытталғанын айтып өтті. Генетика және физиология институтының ғылыми қызметкері Шолпан Бахтыбекқызы өзінің зерттеуіне тоқталып, баспана сертификаты үшін алғысын білдірді.
Бұл бізге ғылым жолында үлкен демеу болып отыр! - деді ол.
Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институтының кіші ғылыми қызметкері Анастасия Капытина баспана табысталғаны үшін зор ризашылық білдіріп:
Көрсетілген қолдау үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бұл – мүмкіндікке ие болған барлық жас ғалымдар үшін маңызды оқиға. Мен бұл қолдауға өте ризамын және бұл ғылыми қызметті жалғастыруға үлкен ынталандыру екенін айтқым келеді. Артылған сенім мен ғылымдағы еңбегіміз еленгені үшін рақмет! - деп атап өтті.
