Жаңалықтар

Густав Климттің «Желпуішті ханым» картинасы аукционда рекордтық бағаға сатылды

Густав Климттің «Желпуішті ханым» картинасы аукционда рекордтық бағаға сатылды
Фото: Ашық дереккөзден 28.06.2023 16:58 641

Қылқалам шебері Густав Климттің «Желпуішті ханым» деп аталатын картинасы аукционда 86 миллион еуроға сатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Еuronews-ке сілтеме жасап.

Еуропадағы ең қымбат картина ретінде рекорд жаңартқан туындының бағасы адам сенгісіз деңгейде өсе түскен. 

Ұсыныстар бірінен соң бірі шиеленісті соңына дейін сақтай отырып, бас айналдырар жылдамдықпен жүрді. Соңғы 29 жыл ішінде бір отбасының қолында болған суретті кім сатып алғаны әлі белгісіз.

«Желпуішті ханым» - Климттің ең үздік әрі соңғы портреті. Ол оны 1917-1918 жылдары, 55 жасында қайтыс болар алдында салғаны белгілі.

Бұған дейін Еуропа аукционындағы ең қымбат өнер туындысы 65 миллион фунт стерлингке (76 миллион еуро) сатылған Альберто Джакометтидің қола мүсіні «Жаяу адам I» болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға