Гүлзира Айдарбекова құдағиына білезік тағып, тон жапты
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
24.01.2024 16:06
39224
Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова құдағиына туған күнінде бағалы сыйлық тарту етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының Заңғардың қайын жұртын қонаққа шақырып, құда мен құдағиына құрмет көрсетті. Көңілді кештің видеосын Айдарбекова Instagram парақшасында жариялады.
Отырыс су жаңа құдағидың туған күніне ұласып, түнгі 00:00-ден соң күйеу баласы Заңғар оған гүл шоғын сыйға тартса, Гүлзира Айдарбекова бағалы сыйлығын табыс етті. Продюсер құдағиына білезік тағып, тон кигізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты