Жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова аула сыпырып ақша тапқанын айтты

Гүлзира Айдарбекова аула сыпырып ақша тапқанын айтты
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova 01.12.2023 15:50 3241

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова баспаналы болу үшін қандай қиындықты бастан өткергенін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Instagram-дағы стористе үй алу үшін талмай-тынбай еңбек еткенін, бастапқы кезде тіпті аула сыпырып ақша тапқанын да алға тартты.

Нұрекем (Нұртас Айдарбеков - күйеуі) күндіз-түні тынбай жұмыс істеп, үйге ақша жинады. Жас отбасы болғандықтан мен де көмектескім келді. Аула сыпырушы болып жұмысқа орналастым. Көшеде жүргенде қатты қорқатынмын. Таныстар мен көршілер көріп қойса не істеймін деп уайымдадым. Ешкім танып қоймас үшін басымды көтермей сыпыратынмын. Қиын болды, бірақ шыдадым. Мақсатымыз айқын болған соң соңына дейін көнуге тура келді. Сол кезде арсыздықпен ақша таппай, адал еңбекпен жұмыс істегеніме қуанамын. Дегенмен аула сыпырушы жұмысынан шықтым. Жұмыстан шыққан соң екінші мүмкіндік ашылды, – дейді продюсер.

Өзінің жақсы табыс таба алатынын сезген ол күйеуіне бұл туралы ойын айтып, сауда-саттықпен айналысқан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға