Гүлнұр Оразымбетова шетелдік қонақтардың алдында әнін айта алмай ұятқа қалды
Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахмат турнирінің жабылу салтанатында ән шырқаған Гүлнұр Оразымбетова ұятқа қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Көке өрле" атты әнін шырқаған Гүлнұр Оразымбетованың тынысы жетпей, әнді орындау барысында қысылып қалды.
"Шетелдік қонақтардан ұят-ай", "Понограмма қоса салу керек еді ғой", "Ақша күшімен жүрген екен ғой", "Тыңдауға ұялдым", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, алғаш рет Қазақстан астанасында әлемде тұңғыш рет бір елдің шахматтан әйелдер құрамасы әлем құрамасына қарсы ойнады. Бұған дейін мұндай жарыс үш рет тек ерлер құрамалары арасында өткізілген.
Әйелдер арасындағы кездесу Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасында өтіп жатқан классикалық шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Чемпионат 1 мамырға дейін жалғасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram