Жаңалықтар

Гүлнұр Мамасарипова «Келінжандағы» ең қымбат актерді атады

Гүлнұр Мамасарипова «Келінжандағы» ең қымбат актерді атады
Фото: Kino.kz 27.10.2023 17:14 1471

Танымал отандық продюсер Гүлнұр Мамасарипова «Келінжан» сериалындағы ең қымбат актерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер «Хабар» арнасындағы «Ұйқым келмейді» бағдарламасында көпшіліктің көңілінен шыққан сериалдағы актерлерге бағасын берді.

Мамасарипованың айтуынша, Лейла Бекназар – сериалдағы сыйақысы ең қымбат актриса. Ол ененің рөлін сомдаған болатын.

Мен ақша жағынан айтып тұрмын. Ол кісі арзан актер болмауы керек деп ойлаймын, - деді продюсер.

Сонымен қатар актерлер құрамында ешкім жалқау еместігін, бәрі еңбекқор екенін тілге тиек етіп, соның ішінде ең талапшыл өнер иесі Айсараның рөлін сомдайтын Дариға Бадықова екенін тілге тиек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға