Жаңалықтар

«Гүлмира деген ұлмын». Әнші Ізбасханова өз стилінен айнымайтынын айтты

«Гүлмира деген ұлмын». Әнші Ізбасханова өз стилінен айнымайтынын айтты
Фото: instagram.com/gulmira_izbaskhanova 08.12.2023 11:16 7551

Ерекше образды қазақстандық әнші Гүлмира Ізбасханова алғаш рет жеке өмірі туралы айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «Мархабат» бағдарламасына сілтеме жасап.

Әнші бұл образын қолдайтындарға қарағанда, сынайтындардың көп екенін жасырмады.

Хэйтерлер көп жаман сөздер жазады. Бірақ өз стилім өзіме ұнайды. Біреуге ұнау үшін өмір сүрмеймін ғой. Көп адамның сөзіне мән бермеймін. Бір стильде қатып қалмаймын. Оқырмандарыма «Гүлмира деген ұлмын» деп жауап беремін, – деді әнші. 

Анасымен бірге ән айтып, би билеп жүрген әнші үйінде өнер жолына түскен жалғыз өзі екенін жеткізді.

Анам кішкентайынан өнерге жақын болған. Чайковскийді бітірген. Бірақ әкем сахнаға шығуына қарсы болған. Оның үтіне төрт баламен гастрольдерге шыға алмайтыны белгілі. Сол себепті үйден бір қыз өнерді таңдағанын қалады. Төрт перзентінің ішінен мен ұялмайтын болдым да анам мені сүйреді, – деп жауап берді өнер иесі. 

Қазіргі уақытта анасы екеуі бір-біріне қолдау білдіріп келе жатқанын айтты ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға