Гүл сатып алған қарағандылық тергеуге ілікті
Фото: © Unplash
Фото: © Unplash
18.06.2024 18:04
837
Қарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері тауар мен қызмет ақысын жасанды купюрамен төлеген 23 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, жігіт әуелі 24 сағат жұмыс істейтін гүл дүкенінен сүйіктісіне гүл шоғын сатып алған. Сатушы 20 000 теңгелік жалған ақшаны бірден танымаған.
Артынша жігіт жақын маңдағы асханаға барып, таңғы ас ішкеннен кейін номиналы 20 мың теңгелік жасанды банкнотпен есепшотты төлеп, шынайы ақшаға ауыстырып алған.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жабылады
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады