Жаңалықтар

Грузин балуаны дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Грузин балуаны дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды
Фото: Olympic.kz 31.07.2024 22:22 787

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грузин дзюдошысы екінші рет чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Токиода чемпион болған Лаша Бекаури жетістігін Парижде тағы қайталады. Ол 90 келіде финалдық белдесуде жапониялық Санчиро Мураоны айқын ұтты. 

Грузиялық дзюдошы Олимпиада турнирінде төрт кездесу өткізді. Жарысты екінші айналымнан бастаған ол бірінші белдесуде болгариялық Ивайло Ивановты, ширек финалда оңтүстіккореялық  Джуйоп Ханды, жартылай финалға шығар жолда Испания өкілі Тристани Мосахлишвилиді ұтты. Финалдық белдесуде ұтылып жатып, қарсыласынан соңғы минутта жеңіске жетті.  Бекаури өз елінің тарихында дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған алғашы спортшы болып отыр. 

Париж Олимпиадасында Грузия құрамасы жалпыкомандалық есепте Жапониядан кейін бір алтын, бір күміс медальмен екінші сатыға көтерілді. Ал осыған дейін тізімде екінші тұрған Қазақстан құрамасы үшінші орынға төмендеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға