Григорий Ломакин Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
21.11.2023 05:06
701
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 1-ракеткалары Ломакин мен ресейлік Евгений Филиппов финалда италиялық Томассо Компануччи – сербиялық Виктор Йовичпен бас жүлде үшін сынға түсті.
Италиялық-сербиялық дуэттің доданың 2-ракеткалары болып тіркелгеніне қарамастан, ойын тағдыры екі сетте шешілді.
Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, 25 жастағы қазақстандық теннисші аталмыш турнирде жұптық сында үздік шықты. Соның нәтижесінде Григорий ATP жұптық рейтингісінде 321-ден 316-сатыға көтерілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Сейсенбіде ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды