«Астана» футбол клубының бас бапкері тағайындалды
Григорий Бабаян «Астанамен» Қазақстанның бес дүркін чемпионы, еліміздің Суперкубогы мен Кубогының иегері болды
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz
13.09.2022 16:11
1212
Григорий Бабаян «Астана» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық маман бұған дейін 2012-2019 жылдары елордалық клубта команда бас жаттықтырушысының көмекшісі және бас бапкері қызметтерін атқарған.
Григорий Бабаян «Астанамен» Қазақстанның бес дүркін чемпионы, еліміздің Суперкубогы мен Кубогының иегері болды, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтті, сондай-ақ еурокубоктың 1/16 финалына шықты.
2021-22 жылғы маусымда ол Мәскеудің ЦСКА клубының жаттықтырушылар штабында болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ерекшелігі туралы айтылды
Келесі жаңалық
Семейде бір топ оқушы жас баланы аяусыз соққыға жыққан