Грекиядағы пойыз апатынан 60-қа жуық адам қаза тапты
Фото: Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency
03.03.2023 04:19
1471
Грекияда теміржол апатынан қаза тапқандар саны 57-ге жетті, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті ERT грек телеарнасы мәлім еткендей, мемлекеттің өрт қауіпсіздігі қызметі дәл қазіргі сәтте құрбан болған 56 адамның тұлғасы анықталмағанын айтқан. Себебі өрт салдарынан денелерді күйік шалғандықтан, ДНҚ-талдауының нәтижесіне қарай адамдардың кім екендігі анықталады.
Афины және Салоника қалаларының арасында жолаушылар пойызы апатқа ұшырады. Пойыздың вагондарында 350-ден астам жолаушы болған.
Ол тауар тасымалдайтын пойызға соғылған. Сол сәтте 43 адамның көз жұмғаны белгілі болды. 57 адам ауруханаға жеткізілген.
Грекия билігі апатқа байланысты елде үш күндік қаралы күн жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде энергия үнемдеу саласы дамиды
Келесі жаңалық
Тілек Нағызхан: Етікші болу – ерінбегеннің емес, ердің ісі