Грекиядағы парламент сайлауында билеуші партия жеңіске жетті
Грекиядағы парламент сайлауында Кириакос Мицотакистің «Жаңа демократия» консервативті партиясы жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол сайлаушылардың 40,79% дауысын жинап, 300-орындық парламентте 146-орынға табан тіреген.
Грекияның ІІМ таратқан деректерге сәйкес, СИРИЗА оппозициялық радикалды солдар коалициясы – экс-премьер Алексис Ципрастың Прогрессивті альянсы 20,06% дауыспен парламентте 71-орынды иеленді.
11,51% дауыс алған ПАСОК жалпыгректік социалистік қозғалысына 41 мандат берілетін болды.
Сайлауға келушілер мөлшері 60,82%-ды құраған.
Парламентке 3%-дық кедергіні еңсерген бес партия өтті. Билеуші партия штабынан өтініштер бойынша сайлау қайтадан 25 маусым мен 2 шілде аралығында өтуі мүмкін.
Ол күшейтілген-пропорциялық жүйе бойынша өткізіледі. Өзге дауысты жинаған партия дауыс санына қарай 20-дан 50-ге дейінгі орынды қосымша иелене алады.