Жаңалықтар

Грекияда мыңдаған студент наразылыққа шықты

Грекияда мыңдаған студент наразылыққа шықты
Фото: © Reuters 19.01.2024 12:45 1035

Грекияда алдын-ала жоспарланған білім беру реформаларына байланысты мыңдаған студент наразылыққа шықты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

ЖОО студенттері үкіметтің елде жеке университеттердің жұмысына рұқсат беру туралы реформаларына қарсылық білдірді. Акция кезінде наразылыққа шыққандардың қолында "білім - бұл тауар емес" атты жазулары бар плакаттар байқалды. Студенттердің пікірінше, бұл реформа Грекиядағы білімді құнсыздандыру саясаты. Өйткені, шет елден келген ақылы университеттер мен жергілікті білім ордаларының айырмашылығы жермен көктей. Жеке университеттер ақылы негізде оқытса, Грекиядағы ЖОО-лар мемлекет инвестициясы арқылы тегін оқытады.

Жекешеленген оқу орындары көбейсе, мемлекеттік тегін білім беретін университтер жабылады. Ал, бұл өз кезегінде ақылы негізде оқуға әлеуметтік мүмкіндігі жетпейтін жастардың жағдайы қиындайды дегенді білдіреді.

Қазіргі таңда Грекия үкіметі ЖОО-ларды қаржыландырып отыр. Алайда, биліктің мәліметінше, бұл реформа жаңа инновациялық жобалардың көбеюіне, студенттердің жаңа дүниелерді үйренуіне және елдің экономикасын нығайтуға көп көмегін тигізеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға