Грекияда бұзылып қалған электромобильдер ұзын-сонар кептеліске себеп болды
Фото: Facebook/Forecast Weather Greece
Фото: Facebook/Forecast Weather Greece
27.12.2024 14:44
410
25 желтоқсанда Грекияның Парнас ауданында тауға бара жатқандар кептелісте тұрып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, кептелістерге техникалық ақауларға байланысты жолда өшіп қалған электромобильдер себеп.
Ливадиден Араховаға апарар жолда бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Өйткені тау шаңғысы курортынан келе жатқан электромобильдер бұзылып қалған.
Таңертең үш электромобиль кенеттен тоқтап қалу, қозғалысты жалғастыра алмаған. Көлік жүргізушілері мұндайға дайын болмай шығып, темір тұлпарды қозғалту үшін арнайы арқан да алмаған екен.
Кептеліс төрт сағатқа созылып, қозғалыс тек 21:00-де қалпына келтірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға