Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Әлімхан Сыздықов күміс жүлдеге ие болды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
25.03.2025 23:45
274
Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 130 келі салмақта ел намысын қорғады.
Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Фардин Хедаятимен өзара мықтыны анықтады. Тартысты белдесуде Әлімхан Сыздықов қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) және Шамиль Ожаев (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шамиль Ожаев – Азия чемпионатының қола жүлдегері
Келесі жаңалық
Наурыздың соңғы күндері қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін