Грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасы анықталды

Албанияда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін әлем чемпионатына грек-рим күресінен қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тиранада жас балуандар арасында күрес түрлерінен өтетін да ел құрамасынан 10 балуан белдеседі.
55 келі: Ербол Қамалиев
60 келі: Досжан Өтепқалиев
63 келі: Нұрсұлтан Базарбаев
67 келі: Дінмұхаммед Қошқар
72 келі: Мерей Мәулітханов
77 келі: Темірлан Қаратай
82 келі: Альмир Төлебаев
87 келі: Бағлан Қуаныш
97 келі: Ерзат Ерланов
130 келі: Асылбек Әбдіхалық
Бұған дейін U23 әлем чемпионатына қатысатын еркін және әйелдер күресі құрамасы анықталған болатын. Олардың қатарында әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан да бар. Аталған жарыс Тиранада 21-27 қазан күндері өз мықтыларын анықтайды.
