Жаңалықтар

Грек-рим күресінен әлем чемпионатында ел қоржынына 3 медаль түсті

Командалық есепте қазақстандық команда алтыншы орында тұр
Грек-рим күресінен әлем чемпионатында ел қоржынына 3 медаль түсті
Фото: Olympic.kz 23.08.2022 12:11 1558

Софияда (Болгария) грек-рим күресінен U20 әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасының активінде үш медаль бар, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең жақсы нәтиже Юсуф Мациевке тиесілі. 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуан күміс медальға ие болды.

Дінмұхамед Қошқар (67 келіге дейін) мен Мақсат Сайлау (87 келіге дейін) әлем біріншілігін үшінші орында аяқтады.

Командалық есепте қазақстандық команда алтыншы орында. Командалық кестені Иран бастап тұр екінші орын Әзірбайжанда, Украина үшінші орында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға