Грант алғаннан кейін не істеу керек

Ғылым және жоғары білім министрлігі грант алғаннан кейін жоғары оқу орнына тапсырылатын құжаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Грант куәлігін grant.testcenter.kz https://grant.testcenter.kz/search сайтынан жүктеп алуға болады. Одан кейін 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ЖОО-ларға құжат тапсыру керек.
Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттар:
- жеке куәлік;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом;
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
- білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда);
- жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Айта кетері, ұлттық бірыңғау тестілеуден аз балл жинап, грант ала алмаған жағдайда тегін оқуға түсуге де болады.
