Жаңалықтар

Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны төртінші медальмен толықты

Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны төртінші медальмен толықты
Фото: t.me/olympickz 11.05.2024 19:00 763

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны төртінші медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жұбаназар турнирдің қола медалін жеңіп алды. Кіші финалда отандасымыз (-81 кг) Орельен Бонферронидің (Швейцария) осал тұсын тауып, жауырынын жерге тигізді. Осылайша "иппон" ұпайымен ұтты. 

Біз бұған дейін Grand Slam турнирінде Бақытжан Абдурахманов қола жүлдегер атанғаны туралы жаздық. 

Ұлттық құрама дзюдошысы іріктеуде Гонконг және Молдова құрамасының спортшысынан мықты екенін паш етті. Бірақ ширек финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Grand Slam жарысының 4 дүркін жеңімпазы Сотаро Фудзиварадан (Жапония) айласын асыра алмады.

Осы салмақтағы Ұлттық құрама спортшылары Мәди Амангелді алғашқы, ал Руслан Мұсаев пен Жалғас Қайролла 3-айналымда қарсыласынан ұтылды.

Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күнінде Ғалия Тынбаева алтын, Елдос Сметов қола жүлде еншілеген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға