Grand Slam: Әбужақынова қола медаль үшін күреседі

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
02.05.2025 15:27
382
2-4 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) жарыстың қола жүлдесі үшін таласқа түседі.
Спортшымыз жарысты сәтті бастап, жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда 1/2 финалда қытайлық Чжуан Веннаға есе жіберді. Қола жүлде үшін Әбужақынова өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездеседі.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады