Жаңалықтар

Google-ді пайдаланатындар үшін пайдалы 9 сілтеме

Google арқылы ақпарат іздемеген кемде-кем шығар. Күнделікті өмірге қалай кіріп кеткенін де байқамай қалдық.
14.07.2014 03:17 7435

Google арқылы ақпарат іздемеген кемде-кем шығар. Күнделікті өмірге қалай кіріп кеткенін де байқамай қалдық. Google-дің қызметтерін пайдалану оңай болмаса да, функционалдығы жоғары деңгейді. Кейбір функциялардың қызметі мен жұмыс істеу саясатын түсіну үшін баптауларды біраз іздеп шығуға тура келеді. Төмендегі тізімде Google-де есептік жазбасы бар адамдарға керекті 9 маңызды сілтеме берілген. Өзіңіз туралы жинақталған ақпараттар көріп шығуға, өңдеуге болады.

 Google-ді пайдаланатындар үшін пайдалы 9 сілтеме

 

1. Қазір пайдаланылып жүрген email арқылы Google аккаунт тіркеу.

Google аккаунт пен Gmail поштасы екеуі бір деген пікір бар. Бірақ шын негізінде олай емес, Төмендегі арнайы сілтеме арқылы логин ретінде кез келген email пайдалануға болады. https://accounts.google.com/SignUpWithoutGmail

2. Сіздің ұнататын нәрселеріңіз Google-дің көзімен.

Сіз кіретін сайттар, Google Plus-тегі және интернеттегі басқа да әрекеттер арқылы сіз туралы ақпарат жинақтайды. Зерттеу арқасында: жынысты, жасты, қызығушылықтарды табуға тырысады. Осы ақпаратты кейін қажетті жарнаманы ұсыну үшін пайдаланады.

https://www.google.com/ads/preferences/

3. Google экожүйесіндегі өзіңіздің барлық мәліметтеріңізді көшіріп ала аласыз.

Фото, контактілер, Gmail  хабарламаларын және YouTube-гі видеоны архив ретінде көшіруге мүмкіншілік бар.

https://www.google.com/takeout

4. Авторлық құқықтар бұзылуы туралы хабарлау.

Google – AdSense, Google+ немесе YouTube қызметтері сізге тиесілі авторлық құқықты бұзатын болса, мында хабарлауға болады:

https://support.google.com/legal

5. Қозғалу ақпараттары.

Android ұялы құрылғысы сіздің қозғалуыңыз туралы ақпаратты Google серверлеріне жіберіп отырады. Арнайы Google Maps бөлімінде геолокациялық мәләметтерді көруге болады. Аталған ақпаратты KML форматында көшіріп алуға мүмкіншілік бар.

https://maps.google.com/locationhistory

6. Google сіздің әрбір іздеу өтінішін сақтап отырады. Сонымен қатар сайттардағы басылған жарнамаға дейін есінде сақтайды.

https://history.google.com

7. Белсенді емес Google аккаунтты өшірмеу.

Вам надо заходить под учетной записью Gmail есептік жазбаңызға кемінде 9 айда бір рет кіріп тұру керек. Аталған уақытта өтіп кетсе компагия аккаунтты өшіруге құқылы. Осы мәселені шешу үшін төмендегі сілтеме көмектесе алады.

https://www.google.com/settings/account/inactive

8. Есептік жазба белсенділігі туралы есеп.

Есептік жазба туралы барлық ақпарат осында сақталады. Қандай іс-әрекеттер істелінді, географиялық орны және IP мекен-жайлары туралы мәліметтер жинақталған.

https://security.google.com/settings/security/activity

9. Рұқсат беру құқығы тізімі.

Google есептік жазбасын оқи алатын барлық қосымшалар, браузер кеңейтілімдері мобильді қосымшалар, скриптердің толық тізімі келтірілген.

https://security.google.com/settings/security/permissions

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға