Жаңалықтар

Головкиннің қолғабы мен Рыбакинаның тенис добы аукционда сатылады

Головкиннің қолғабы мен Рыбакинаның тенис добы аукционда сатылады
Фото: Assyltas қоғамдық қоры 30.05.2024 21:03 342

Әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғабы мен танымал қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаның қолтаңбасы бар теннис добы қайырымдылық аукционына қойылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

«Assyltas» қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, GGG-дің 2017 жылы мексикалық Сауль Канело Альвареспен жұдырықтасқан қолғабы мен Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добы және оның Қазақстан құрамасының олимпиадалық киімі аукционға шығарылады. Одан түскен қаражатты Assyltas қоғамдық қоры көмекке мұқтаж егіздердің еміне жұмсайды. 

Аукцион 1 маусымда Алматыдағы HAS PRO BOXING бокс кеші өтетін ADD Arena кешенінде болады.

Турнирдің басты оқиғасы қазақстандық Мирас Ертанов пен WBC International бұрынғы чемпионы польшалық Виктор Коточигов арасындағы жекпе-жек болмақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға