Жаңалықтар

Головкиннің байлығы қанша екені айтылды

Головкиннің байлығы қанша екені айтылды
Фото: instagram.com/gggboxing 18.04.2023 17:04 752

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) байлығы қаншаға бағаланатыны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ оның табысының көлемі анықталды. Wikipedia, Forbes, Bloomberg секілді түрлі интернет-ресурстардың деректері бойынша, ең танымал қазақстандық кәсіпқой боксшының байлығы шамамен 35 миллион долларға (15,7 миллиард теңге) тең.

CAknowledge.com мәліметінше, Головкиннің ай сайынғы табысы 0,1 миллион доллардан (45 миллион теңге), ал жылдық табысы 3 миллион доллардан асады (1,3 миллиард теңге). Бұл 2023 жылғы жағдай бойынша деректер.

2022 жылы GGG-дің байлығы 32 миллион долларға, 2021 жылы – 29 миллионға, 2020 жылы – 26 миллионға, 2019 жылы – 24 миллионға, 2018 жылы 23 миллион долларға бағаланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға