Головкиннің кезекті жеңісі
19 қазан күні Геннадий Головкин мен Марко Антонио арасындағы жекпе-жек өтті. Бокс көрермендері ұзақ күткен сайыс тез арада бітіп қалды. Бірақ бұл қызықсыз болды деген сөз емес. Тек Головкин 2-ші раундта мексикалық боксерді нокаутқа жібергені болмаса. Біздің боксер Рубиоға еш мүмкіндік қалдырмады. Осы кездесуден кейін GGG-да 31 жеңіс болса, оның 28-і нокуат арқылы. Қазіргі таңға дейін Головкинде IBO мен WBA (Super) атақтары бар болған, енді (WBC) Әлемдік бокс кеңесінің уақытша чемпионы титулы да қосылды.
Геннадий Головкин жеңісі Мигел Коттомен жекпе-жекке шығуға мүмкіншілік берді. Сарапшылардың пікірінше бұл кездесу келесі жылу өтеді. Бокс алаңындаңы жеңістері арқасында Головкин Қазақстанды әлемге танытатын жаңа брендке айналды.
Геннадий Головкиннің өмірлік ұстанымдары:
Адамның ең басты қасиеті - мінезі.
Бокс тек тіке, астыдан, шеттен соғу болғанымен де, әр жекпе-жектің өзіндік жоспары болады.
Бокс-өмір салты.
Мен әрдайым өз елімнің атынан ғана шығамын.
Мен - қазақстандық екенімді мақтан тұтамын.