Жаңалықтар

Гляциология

ГЛЯЦИОЛОГИЯ (лат. glacіes — мұз, грек. logos — ілім) — қатты күйдегі атмосфералық жауын-шашынның жиналуы мен түрленуі нәтижесінде құрлықта пайда болған жылжымалы табиғи мұздарды зерттейтін ғылым.
28.08.2014 10:31 10092

ячс

ГЛЯЦИОЛОГИЯ (лат. glacіes — мұз, грек. logos — ілім) — қатты күйдегі атмосфералық жауын-шашынның жиналуы мен түрленуі нәтижесінде құрлықта пайда болған жылжымалы табиғи мұздарды зерттейтін ғылым. Г. мұздықтардың ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, құрамын, физ. қасиеттерін, кеңістікте таралуын зерттейді. Г. ғылымының тарихы Швейцария жаратылыстанушысы О.Соссюрдің (1740 — 1799), “Альпіге саяхат” (1779 — 96) атты еңбегінен басталады. Одан кейін Л.Агассис, А.Гейм, Х.Рейд, А.И. Воейков, В.Ф. Ошанин, Б.А. Федченко, т.б. ғалымдардың еңбектерінде мұздықтар туралы жалпы ғыл. ұғымдар тұжырымдалып, жеке мұздықтарға сипаттамалар берілді. 20 ғ-дың басынан Г-лық зерттеулердің көлемі өсті, әдістері (фотограмметрия, аэрофототүсірім, сейсмик. барлау, термиялық бұрғылау, ғарыштық зерттеу, т.б.) жетілдірілді. Жаңа мұздықтар картаға түсірілді (К.И. Подозерский, М.В. Тронов, Н.Л. Корженевский, П.А. Шумский). ұылымның көптеген теориялық және методологиялық мәселелері шешілді (С.В. Калесник, К.К. Марков, М.В. Тронов, т.б.). Жер шарындағы мұздықтарды зерттеу үшін халықар. геофиз. жылдар (1882 — 83, 1932 — 33, 1957—58), халықар. мұздықтар комиссиясы ұйымдастырылды. Жинақталған ғыл. деректер халықар. деңгейде белгілі бір жүйеге келтірілді. Г. Қазақстанда 20 ғ-дың 20-жылдары қалыптасты. Мұздықтардың негізгі массасы республиканың оңт. мен шығысындағы тау жоталарында шоғырланған. Осы таулы өлкелерде 2700-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауд. 2033 км2, көл. 100 км3-ге жуық. Қазақстандағы мұз басудың жалпы ауданының көбі (85,3%) қазіргі мұздықтардың үлесіне тиеді, қалғаны — жабық мұздар. 1920—30 жылдардағы зерттеулерде Іле Алатауы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы көне және қазіргі мұз басу жөніндегі көптеген нақты материалдар жиналды. Ол алғашқы ірі теориялық қорытындылардың негізі болды. 1957 — 59 ж. Қазақстан гляциологтары Халықар. геофиз. жылдың бағдарламасы бойынша КСРО ұА-ның ғыл.-зерттеу ин-ттарымен бірлесе отырып зерттеулер жүргізді. Осы және кейінгі зерттеулердің нәтижелері 36 томдық “Гляциологиялық зерттеулер материалдарында”, 11 бөлімнен тұратын “Қазақстандағы гляциологиялық зерттеулерде”, көптеген монографияларда жарияланды. 1964 — 74 ж. Қазақстан ұА Геогр. секторының (1983 жылдан Геогр. ин-ты) гляциологтары Қазақстанның бүкіл таулы өлкелеріндегі мұздықтар каталогтарын құрастырды, соның негізінде республикадағы таулық мұз басудың тұңғыш картасы жасалды. Қазіргі Г-лық зерттеулердің міндеті — қауіпті құбылыстарды болжау және одан сақтандырудың мүмкіндіктерін іздеу, қар көшкіні мен селді болжаудың ғыл. негіздерін одан әрі дамыту, т.б. Қазақстанда Г. ғылымының дамуына Н.Н. Пальгов, ұ. Тоқмағамбетов, А.П. Горбунов, П.А. Черкасов, Е.Н. Вилесов, т.б. үлес қосты.

 

Әдеб: Климат Казахстана, Л., 1959; Равнины и горы Средней Азии и Казахстана, М., 1975; Тоқмагамбетов Г.А., Ледники Заилийского Алатау, А-А., 1978; Закономерности развития рельефа и ледников Тянь-Шаня, Фр., 1980; Вилесов Е.Н., Черкасов П.А., Каталог ледников в СССР, т. 3, в. 2, ч. 5, Л., 1980.

 

                                                                                                                           Ж. Достайұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға