Глоссарий
Абстрактілі ұғымдар – қандайда бір дерексіз құбылыстар дың жаратылыста бар екенін және олардың мәні мен сипатын ойлану әрекеті арқылы ғана дәйектейтін түсініктер.
Ақындар – өмірлік шындықты бейнелеу барысында поэзия лық пішінді пайдаланатын әдеби шығармашылық иелері. ХVІІІ ғасырдағы ақындардың көркемдік әдісі, негізінен, реализм болса, поэзиялық негізгі жанры өлең болды.
Арнау – белгілі бір адамға (адамдарға) бағыттала айтылған өлең. Негізгі ерекшелігі – арналған адамының (адамдарының) жақсылы-жаманды мінездерін, іс-әрекеттерін айқындай таныту.
Әдеби мұра – бұрынғы уақыттарда жасалған әдеби шығар малар жиыны. Әдеби мұра белгілі бір шығармашылық иесіне, яки белгілі бір дәуір әдебиетіне қатысты болуы ықтимал.
Әлеуметтік жағдай – белгілі бір уақыт аралығындағы қоғамды құраған адамдардың тұрмыс-тіршілігін, қарым-қатынас сипатын, өмір сүру деңгейін көрсететін ұғым.
Бейнелілік – әдеби шығармада өмір құбылыстарының көр кем образдар жүйесіне айналуы.
Би-шешендер – хандық дәуірдегі ел өмірінде қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастарда маңызды роль атқарған қайраткер тұлғалар. Билер, көбінесе, елдің ішкі-сыртқы қарым-қатынас тарындағы даулы мәселелердің түйінін шешумен айналысса, шешендер ел өміріне, адам жаратылысына қатысты философиялық ойлар тарқатуға көбірек бейім болған. Би-шешендердің ақын-жыраулардан айырмашылығы – олардың қара сөз бен өлең сөзді еркін пайдалануы, яғни би-шешендер поэзия талаптарын ұдайы құнттай бермейді. Көбіне-көп жағдайда экспрессиялы ырғаққа ден қояды.
Жыраулар – хандық дәуірдегі қазақ әдебиетін қалыптас тырған негізгі тұлғалар. Толғау, жыр түрінде келетін поэзия лық шығармаларына дидактикалық ұлағат, философиялық ой-толғаныстар, романтикалық сезім, реалистік суреттеулер тән.
Жыраулық дәстүр – жыраулар поэзиясында қалыптасқан әдеби үлгілер, ой-идеялар, тақырыптар мен проблемаларды білдіретін ұғым.
Идея – әдеби шығармада бейнеленген мәселелер арқылы алға тартылатын ой-пікірлер.
Импровизаторлық шеберлік – кез келген сәтте өз жанынан жаңа поэзиялық туындыны жарыққа шығару қабілетінің ке мел көрінісі.
Көркемдік – көркем өнердің ең негізгі шарты. Көркемдікті айқындаудың басты өлшемі – көркем шындық. Көркем шындық – шығармашылық иесінің өмір шындығын көркем бейне лер арқылы көрсету әрекетінің түпкі нәтижесі, өмір шын дығының бейнелі көрінісі.
Көркемдік мазмұн – әдеби шығармада көркем бейнелер ар қылы көрініс тапқан өмір шындығы.
Көркемдік тәсіл – өз туындысында көздеген мақсатына орай, әдеби шығармашылық иесінің іріктей пайдаланған бей нелеу құралдарының жүйесі.
Өлең – өмірдің түрлі көріністері бейнеленетін шағын көлем ді поэзиялық шығарма.
Поэзия – қандай да бір ойды сөз арқылы жеткізу типі; прозадан айырмашылығы – белгілі бір шек аралығында ырғаққа бағынып, ұйқасты сақтауы.
Пішін – әдеби шығарманың сыртқы түрі, көркемдік маз мұнның бейнеленген көрінісі.
Реалистік әдіс (реализм) – өмірде болған немесе болуы ықтимал жағдайлар мен оқиғаларды, құбылыстарды шындық аясында көркемдік тұрғыдан жинақтай бейнелеу әдісі.
Сатира – қоғамдағы және адам жаратылысындағы келеңсіз жағдайлар мен құбылыстарды әшкерелей күлкі ететін әдеби түр.
Саяси өмір – белгілі бір кезеңдегі қоғамның әртүрлі әлеу меттік топтары арасында мемлекеттің билік жүйесіне қатыс ты көрініс беретін түрлі сипаттағы қарым-қатынастары арқылы айқындалатын өмір бейнесі.
Суреткерлік – өнерде, әдебиетте өмір көріністерін шындық аясында суретке айналдыра бейнелеу шеберлігі.
Тақырып – әдеби шығармада бейнеленген өмірлік шындық арқылы айқындалатын қоғамдық немесе әлеуметтік негізгі проблема.
Тарихи жағдай – белгілі бір кезең аясында мемлекеттің ішкі-сыртқы саяси қарым-қатынастарына байланысты ел ішінде қалыптасқан қоғамдық-әлеуметтік өмірінің сипаты негізінде айқындалатын ұғым.
Тармақ – поэзиялық шығарманың бір жолы.
Толғау – негізінен, жыр үлгісінде шығарылатын, тақырыбы мен идеясы адам, заман, өмір проблемаларын философиялық-дидактикалық тұрғыдан ашып көрсетуге бағытталатын поэзиялық шығарма.
Философиялық ой – адам жаратылысын, дүние сырын, өмірдің мән-маңызын т.с.с. күрделі құбылыстарды танып-білуді мақсат еткен ой.
Халықтық поэзия – халықтың өзі туғызып, ғасырлар бойы өз ішінде сақтап келе жатқан халықтық шығармашылық үлгілерінің бірі. Халықтық поэзияда халықтың өмірі, дүниеге көзқарасы, идеал мұраттары бейнеленеді. Халықтық поэзия – халықтың көркем өнерінің тарихи негізі, ұлттық дәстүрлердің бастауы, халықтық дүниетанымның көрінісі.
Хандық дәуір – қазақ елінің тарихында хандық билік орны ғып, мемлекеттегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси-мәдени проблемалардың барлығын аталған билік жүйесі аясында шешу үлгілері қалыптасқан кезең.
Шығармашылық – мазмұндық қасиеті тұрғысынан өзгені қайталамайтын бірегей және қоғамдық-тарихи мәні жағынан айрықша әсерлі дүние жасауға бағытталған әрекет. Бұл әрекет адамға ғана тән қасиет болғандықтан, әрдайым жаңа дүниежасаушы шығармашылық тұлғаның болуын қажетсінеді.
Шығармашылық ойлау – сапалық тұрғыдан жаңа нәрсе жасауға бағытталған ойлау әрекеті.
Эпикалық шығарма – халықтың бастан өткерген тарихи оқиғаларын немесе тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерін бейнелейтін көлемді поэзиялық туынды.
Юмор – адам болмысындағы, мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі өрескел жәйттерді күлкіге айналдыра бейнелеу тәсілі.
Аманжол Әлтай, «Жыраулар мұрасы»