Жаңалықтар

Гимнаст Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Гимнаст Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК 08.03.2025 14:44 419

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14,300 ұпай жинап, күміс медальға ие болды.

Жарыста беларусьтік Егор Шарамков (14,600) жеңіске жетті, ал үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13,633) түйіндеді.

Айта кетейік, Милад кермедегі жаттығудың финалына да қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға