Жаңалықтар

Гимнаст Милад Карими әлем кубогы кезеңінің финалына өтті

Гимнаст Милад Карими әлем кубогы кезеңінің финалына өтті
Фото: Olympic.kz 22.02.2025 07:30 234

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, қазақстандық Милад Карими халықаралық жарыстың финалына жолдама алды. Спортшы еркін жаттығу бойынша іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 13,700 ұпай жинады. Карими финалға екінші орынмен өтті.

Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені 13,833 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи көрсетті. Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінің іріктеу сындары жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға