Ғимаратты жарып жібермек болған: Ақтау тұрғыны 18 жылға сотталды
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
21.10.2024 14:15
1123
19 қазанда Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды.
Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.
Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полиция Нұрәли Ахметовке іздеу жариялады