Жаңалықтар

Үгілмелі тәтті печенье шығаратын цех ашылды

Отандық өнім
01.07.2016 10:56 5735

Алматы облысында «Chocoland» сауда белгісімен үгілмелі тәтті печенье шығаратын өз жұмысын бастады.  

Үгілмелі тәтті печенье шығаратын цех ашылды 

Статистикалық мәлімет бойынша әрбір үшінші тұтынушы азық-түлік алуға барғанда шәйға аранап бір қорап печенье сатып алады. Печеньені тұтыну көлемі Қазақстанда жыл сайын артып келеді. Осы себепті Қарасай ауданының кәсіпкері Руслан Сәттібекұлына «Chocoland» атты печенье шығаратын бизнес ашу идеясы келді.

Ол өз идеясын іске асыру үшін әрі қарай қаражат алуға «Астана Банкіне» жүгінді. Өндірісті іске қосуға алған қаражатқа компания сағатына 300 келі печенье шығаратын қондырғы алып, ғимаратқа күрделі жұмыстарын да жүргізді.

Үгілмелі тәтті печенье шығаратын цех ашылды

«Сонғы кездері халықтың мұндай тәттілерді пісіргеннен гөрі дүкеннен дайын өнім сатып ала салғанды оңай көретінін байқадық, – дейді «Chocoland» ЖК басшысы Жұмабек Руслан Сәттібекұлы. – Сапаны басты мақсат етіп әзірлеген жоба бойынша маған 47 млн теңге керек еді. Мемлекеттік қолдаусыз бизнесті аяққа тұрғызу өте қиын. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында біз пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралын пайдаландық.

Үгілмелі тәтті печенье шығаратын цех ашылды

Үгілмелі тәтті печенье шығаратын цех ашылды

Компания 10 түрлі печенье шығарады. Олардың негізгі ерекшелігі – денсаулыққа пайдалы түрлі табиғи астық тұқымдарын пайдаланатындығында. Компания шығарылатын өнімдердің сапасын бақылауда ұстайды. Физика-химиялық, органолептикалық талдаулар жүргізеді.

Цех әзірге 10 адамға жұмыс орынын ұсынып отыр. Ішкі нарықта тұтынушылар арасында жақсы баға алған «Алматылық тәттілер» Қытай, Қырғызс және Ресей нарығына да жол тартқан.


Тұмар АСЫЛ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға