Германияда қаза тапқан қазақстандық әйелдің денесінен пышақ іздері табылды

Германияда өлтірілген қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның денесінде пышақ жарақаттары болған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бұл туралы «BILD на русском» Telegram-арнасы мәлімдеді. Арна ақпаратынша, өлген адамның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары анықталған.
Тергеушілер төбелес болғанын болжап отыр, әйелге шабуыл жасалып, ол өзін-өзі қорғаған. Басылымның сауалына прокуратура бұл іс бойынша әлі бірде-бір күдікті жоқ деп жауап берген.
Сайлыбаевамен қатар, бір уақытта оның ресейлік 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кеткен. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне әкелген. Содан бері әйелді ешкім көрмеген. Қазір Айгүл Сайлыбаеваның 3 жасар қызы Жаклин әкесімен бірге.
Еске салайық, 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Астанада судья болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және қайын енесімен бірге тұрған. 4 маусымда таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарған. Содан кейін әйелді ешкім көрмеген. Жексенбіде оның денесін қаланың шетінде пластикалық қапқа салынған күйде тапқан.
