Жаңалықтар

Геннадий Головкин 32 жекпе-жегін 32 жастағы Мюрреймен өткізеді!

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен жекпе-жек өткізеді.
19.02.2015 10:18 4056

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек 2015 жылы 21 ақпанда Монакода өтеді. Промоутерлік компаниялар K2 Promotions пен Golden Gloves боксшылардың жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізіп те қойды.

Геннадий Головкин 32 жекпе-жегін 32 жастағы Мюрреймен өткізеді!

Кәсіпқой бокста орташа салмақта дес бермей жүрген боксшымыз Геннадий Головкин  өткен жылдың күзінде жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Бұған дейін WBC, WBА тұжырымы бойынша үздік шыққан Геннадий Головкинге (WBC) Әлемдік бокс кеңесінің уақытша чемпионы титулы да қосылды. 2014 жылдың 19 қазанында Геннадий Головкин АҚШ-тың Карсон қаласында мексикалық Марко Антонио Рубиомен  жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осыған дейін GGG-да 31 жеңіс болса, оның 28-і нокуат арқылы.

Геннадий Головкин 32 жекпе-жегін 32 жастағы Мюрреймен өткізеді!

Геннадий Головкин бұған дейін өзіне ең лайықты қарсылас ретінде ұлыбританиялық Мюррейді атаған болатын. «Мюррей - мықты жігіт, жақсы жеңістерге жеткен. Доменико Спада ауыр қарсылас және жеңіп шығатындай стилі де қарапайым емес. Бірақ Мюррей өз жұмысын істеді және жеңді. Менің ойымша, Мюрреймен кездесу – біз үшін үздік жекпе-жек болады», – деді қазақстандық боксшы. Сонымен қатар, Геннадий Головкин кіші Хулио Сезар Чавеспен, Мигель Коттомен немесе Суаль «Канело» Альвареспен кездесу туралы келісу мүмкін болмағанын айтты, ал британ спортшысы келісімін берген. 

Геннадий Головкин 32 жекпе-жегін 32 жастағы Мюрреймен өткізеді!

Айта кетейік, жекпе-жекке 7 күн қалғанда боксшылар салмақ өлшеуге қатысты. Геннадий 163 фунт (73,9 кг) салмақты көрсетсе, Мюррей - 165 фунт (74,8 кг) тартып, қарсыласын сәл салмақты болып шықты.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жекті 22 ақпан күні таңғы 10.00-де ҚазСпорт арнасынан тамашалай аласыздар.

Геннадий Головкин – болмысынан жеңімпаз, табиғатынан чемпион спортшы. Әуесқой бокста талай олжа салған боксшымыз бүгінде кәсіпқой бокста да қарсылас шақ келтірмей жүр. Мартин Мюррей де өз кезегінде осал қарсылас емес, Геннадий Головкиннің жолына кездескендердің ішіндегі ең мықтысы.

El.kz анықтамасы:

Геннадий Головкин 1982 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Қарағанды облысының түлегі.
Бойы – 180 см.
Салмағы – 72, 574 келі.
Әуесқой бокстан 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
2002 жылы өткен (Пусан) Азия ойындарының жеңімпазы;
2002 жылы Әлем Кубогының (Астана) күміс жүлдегері;
Әуесқой бокстан 2003 жылы Банкгог қаласында өткен Әлем чемпионының жеңімпазы;
2004 жылы Афины Олимпиадасының вице-чемпионы;
2004 жылғы Азия чемпионы (Филиппин);

 Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға