Жаңалықтар

Геннадий Головкин – нағыз чемпион!

2014 жылдың 19 қазанында Геннадий Головкин АҚШ-тың Карсон қаласында мексикалық Марко Антонио Рубиомен жекпе-жек өткізеді. 19 қазан күні сағат 7-ден бастап ҚазСпорт арнасынан жекпе-жектді тамашалай аласыздар!
14.10.2014 12:31 7277

2014 жылдың 19 қазанында Геннадий Головкин АҚШ-тың Карсон қаласында мексикалық Марко Антонио Рубиомен  жекпе-жек өткізеді. 19 қазан күні сағат 7-ден бастап ҚазСпорт арнасынан жекпе-жекті тікелей эфирде тамашалай аласыздар!

Геннадий Головкин – нағыз чемпион!

Геннадий Головкин – болмысынан жеңімпаз, табиғатынан чемпион спортшы. Әуесқой бокста талай олжа салған боксшымыз бүгінде кәсіпқой бокста да қарсылас шақ келтірмей жүр.

1982 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Қарағанды облысының түлегі.

Бойы – 180 см.

Салмағы – 72, 574 келі.

Әуесқой бокстан 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

2002 жылы өткен (Пусан) Азия ойындарының жеңімпазы;

2002 жылы Әлем Кубогының (Астана) күміс жүлдегері;

Әуесқой бокстан 2003 жылы Банкгог қаласында өткен Әлем чемпионының жеңімпазы;

2004 жылы Афины Олимпиадасының вице-чемпионы;

2004 жылғы Азия чемпионы (Филиппин);

Геннадий Головкин 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Міне содан бастап отбасымен (әйелі және ұлы) Германияның Штутгарт қаласында тұрады. Геннадий Головкиннің әкесінің ұлты орыс, анасының ұлты кәріс. Бірақ Гена өзін қазақпын деп мақтан тұтады. Қай елде болмасын, қай жарыста болмасын үстінен қазақтың ұлттық киімі саналатын оюлы шапанын тастаған емес.

Геннадий Головкин 72 салмақ дәрежесіндегі кәсіпқой бокстағы дебютті кездесуін өте сәтті бастады. 2007 жылы бірінші жекпе-жегін француз боксшысы Мехди Боудлаға қарсы өткізіп, 11-1 есебімен басым түсті. 2008 жылы Иан Гарднер есімді боксшыны 20-3 есебімен ұтты. 2008 жылдың қарашасында белорус боксшысы Малик Диарраны сенімді түрде ұтты. Бұл Геннадий Головкиннің 8 раундтық жекпе-жектегі алғашқы жетістіктері еді.

12 раундтық жекпе-жектегі алғашқы кездесуін Нюрнберг қаласында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоға қарсы өткізіп (11.07.2009 ж.), екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Алғашқы 8 жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

Жетістіктеріне тоқталсақ:

WBC тұжырымы бойынша орташа салмақта рейтингте 1-ші (2010 жыл, мамыр);

IBF тұжырымы бойынша орташа салмақта рейтингте 13-ші (2010 жыл, қыркүйек);

WBO тұжырымы бойынша орташа салмақта рейтингте 5-ші (2010 жыл, қыркүйек);

WBА тұжырымы бойынша орташа салмақта Әлем чемпионы (2014 жыл, мамыр)

 Геннадий Головкин – нағыз чемпион!

Бүгінге дейінгі кездесулер:

#

уақыты

қарсыласы

рекордтар

өткен орны

нәтижесі

14

26.07.2014

Даниэль Гил (Австралия)

[30-2-0, 16]

 АҚШ, Нью-Йорк

W TKO 3 (12)

 

13

01.02.2014

Осуману Адама (Гана)

[22-3-0, 16]

Монако, Монте Карло

W TKO 7 (12)

12

02.11.2013

Кёртис Стивенс (АҚШ)

[25-3-0, 18]

 АҚШ, Нью-Йорк

W RTD 8 (12)

11

29.06.2013

Мэтью Маклин (Ұлыбритания)

[29-4-0, 20]

 АҚШ, Машантакет

W KO 3 (12)

10

30.03.2013

Нобухиро Ишида (Жапония)

[24-8-2, 9]

Монако, Монте Карло

W KO 3 (12)

09

19.01.2013

Габриэль Росадо (АҚШ)

[20-5-0, 12]

АҚШ, Нью-Йорк

W TKO 7 (12)

08

01.09.2012

Гжегож Прокса (Польша)

[28-1-0, 21]

АҚШ, Нью-Йорк

W TKO 5 (12)

07

12.05.2012

Макото Фучигами (Жапония)

[19-6-0, 10]

Украина, Бровары

W TKO 3 (12)

06

09.12.2011

Лахуан Саймон (АҚШ)

[23-3-2, 12]

Германия, Дюссельдорф

W KO 1 (12)

05

17.06.2011

Кассим Оума (Уганда)

[27-7-1, 17]

Панама, Панама

W TKO 10 (12)

04

16.12.2010

Нильсон Хулио Тапиа (Колумбия)

[14-2-1, 10]

Қазақстан, Астана

W KO 3 (12)

03

14.08.2010

Мильтон Нуньес (Колумбия)

[21-1-1, 19]

Панама, Панама

W KO 1 (12)

02

21.11.2009

Михаил Макаров (Ресей)

[10-0-0, 5]

Германия, Киль

W KO 2 (12)

01

11.07.2009

Джон Андерсон Карвальо (Бразилия)

[19-3-1, 11]

Германия, Нюрнберг

W TKO 2 (12)

Әзірлеген – Жандос Байділда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға