Жаңалықтар

Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегасқа келді

Бұл туралы ол facebook-тегі жеке парақшасында жазды
Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегасқа келді
Фото: inbusiness.kz 12.09.2022 09:49 885

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегасқа келді, деп хабарлайды El.kz.
«Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз», - деп жазды Г.Головкин Facebook-тегі жеке парақшасында.
Еске салайық, 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізеді.
Олар екінші орта салмақтағы әлем чемпионының барлық титулы үшін таласады.Қазақстан уақыты бойынша кездесу 18 қыркүйек күні таңғы сағат 05.00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады. Елімізде тікелей трансляцияны «Qazsport» телеарнасы жүргізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға