Жаңалықтар

Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралады

Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралады
Фото: prosports.kz 17.04.2023 21:37 1216

Қазақстандық Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ол бокстан белгісіз уақытқа қол үзіп, тіпті, мүлде кетуі мүмкін екені айтылған. Ал оның промоутері Том Леффлер барлығын жоққа шығарып, Головкин жазда ринке шығатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, жерлесіміз соңғы айларда чемпиондық белдіктерінен бас тартып, әлемдік рейтингтен шығып қалды.

Атап айқтанда, WBA тұжырымы бойынша  кубалық Эрисланди Ларамен кездесуі керек еді. Тіпі, жауапты ұйым оны міндеттеді. Бірақ, Головкин промоутерлік саудаға қатыспады. Сәйкесінше, чемпиондық белдік жекпе-жексіз Лараға берілді.  Оның алдында бразилиялық Эскиво Фалькаомен де кездесуге келіспей, IBF тұжырымы бойынша белдігін босатқан болатын. Енді жерлесіміздің қолында бір ғана атақ қалды. Яғни, ол қазір – IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем үздігі. Айта кетейік, Генадий Головкин жуырда 41 жасқа толды. Бүгінге дейін кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42-сінде жеңіске жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға